Әсел Сағатова Әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

1075

0

Польшаның Кельц қаласында бокстан жастар арасында өтіп жатқан Әлем чемпионатында жерлесіміз Әсел Сағатова Қазақстан атынан өнер көрсетуде.

Ол 1/4 финалда 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Румыния спортшысын 5:0 есебімен ұтып, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда ресейлік боксшы Ксения Олифиренкомен жұдырықтасады.

Әлем чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жегі бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18.00-де басталады.

Трансляцияны төмендегі сілтеме бойынша көре аласыздар:

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<