Батыржан Шалғынбаевты еске алуға арналған футзалдан республикалық турнир өтеді

731

0

27-28 наурыз күндері «Евразия» спорт кешенінде жауынгер-интернационалист Батыржан Шалғынбаевты еске алуға арналған футзалдан республикалық турнир өтеді.

Осымен 24 жыл қатарынан жалғасып келе жатқан жарысқа Түркістан және Қызылорда облыстарынан 30 команда қатысады. Турнирді ұйымдастырушылар: облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық футбол федерациясы, Батыржан Шалғынбаев атындағы қор.

Республикалық турнирде 1,2,3 орынды иеленген командалар мен номинация иегерлері диплом, кубок, ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Жарыстың басталуы 27 наурыз сағат 9.00-де, салтанатты ашылуы сағат 10.00-де.

Ойындар «Евразия», «Сейхұн» спорт кешендерінде және #2 ОРМБЖМ – нің ойын залында өтеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<