Дзюдодан қызылордалық арулар чемпион атанды

973

0

Оралда Қазақстан Республикасының V Жастар спорттық ойындары аясында дзюдодан өтіп жатқан жарыстың алғашқы күнінде Сыр спортшылары облыс қоржынына 2 алтынды салды.

48 келі салмақта өнер көрсеткен Жанерке Асқарова мен 52 келі салмақта Құндыз Жылқыбай бірінші орындарды жеңіп алды.

Жарысқа қатысып жатқан барлық жерлестерімізге сәттілік тілейміз.

Жарыс 31-наурызға дейін жалғасады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<