Головкиннің есесін Жәнібек қайтара ма

948

0

Фото: Top Rank

Боксшы, орта салмақта WBO және IBF титулдарының иегері, Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) әлеуметтік желідегі парақшасында суперорта дивизионда әлемнің абсолют чемпионы Сауль Канело Альвареспен (60-2-2, 39 КО) болжамды жекпе-жегі жайлы айтты.

Қазақстандық спортшы шаршы алаңдағы жекпе-жек келесі жылы өтуі мүмкін екенін болжап отыр. Жәнібек Әлімханұлы оған дейін қоржынына орта салмақта барлық титулды жинап алуға ниетті.

«Орта салмақта бірде-бір жақсы боксшы қалмады деп ойлаймын. Мен барлық төрт белбеуді тезірек жинап, Канеломен суперорта салмақта айқассам деймін. Бұл келесі жылы болады деп үміттенемін. Бірақ бір мәселе бар: Канело менімен айқасуға келісе ме? Көреміз!», – деп жазды Әлімханұлы Х парақшасында.

Естеріңізге салсақ, отандасымыз ESNews арнасына берген сұхбатында жаздың ортасында Лас-Вегаста рингке шығуды жоспарлап отырғанын айтқан болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<