IBF Головкиннің әлем чемпионы титулын қорғайтын күнін белгіледі

1142

0

IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) өз титулын қорғайтын күні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, Халықаралық бокс федерациясы рейтингінің жаңартылған нұсқасында аталған міндеттемелерді орындау күні ретінде 2021 жылдың 18 қыркүйегі белгіленген. Еске сала кетсек, GGG аталған белдігін 2020 жылдың 18 желтоқсанында, Голливудтың Флорида штатында қорғаған еді. Онда ол техникалық нокаутпен Польша боксшысы Камил Шереметаны (21-1,5 КО) жеңді. Бұл қазақстандық боксшы үшін 2019 жылдың қазан айында Сергей Деревянченкомен (13-3,10 КО) жұдырықтасып, IBF титулын қайтарып алған кезден бергі бірінші жекпе-жек болды. Атап өтейік, қазіргі кезде IBF рейтингінің орта салмақ дәрежесіндегі алғашқы екі орны бос, ал ең жоғары үшінші орын неміс боксшысы Патрик Войцицкидің (14-0-1,5 КО) еншісінде.



 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<