Илья Ильин жоғары оқу орнында дәріс беретін болды

1255

0

Белгілі ауыр атлет Илья Ильин алдағы оқу жылынан бастап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде жастарға дәріс беретін болды.

Илья Ильин аталған жоғары оқу орнында білім алған. Ауыр атлет университет ректоры Бейбіткүл Кәрімовамен жүздесу барысында ұстаздарына өзінің ризашылығын жеткізді. Оған білім алушы жастарға дәріс беру ұсынысы айтылды. Кездесуде университеттің спорт саласындағы жетістіктерін арттыру мақсатындағы жұмыстар мен Илья Ильин мектебін қалыптастыру мәселесі талқыланды. Бұл ұсынысты ауыр атлет қабыл алды.

Илья Ильин 1988 жылы 24 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ауыр атлет 2005, 2006, 2011, 2014 жылдары әлем чемпионы болды. Екі Олимпиадаға қатысып, жоғары деңгейде шеберлігін көрсетті.

Бұдан бұрын Қызылордадағы «Мұз айдыны» спорт кешенінің директоры қызметіне тағайындалды.


Әділжан Үмбет

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<