Элизабет Тұрсынбаева ұзақ үзілістен кейін жаттығуға қайта кірісті

477

0

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева ұзақ үзілістен кейін жаттығуға кірісті. Бұл туралы ол Olympic.kz сайтына берген сұхбатында айтты.

Сондай-ақ, спортшы жаңа маусымдағы бағдарламасы туралы да әңгімеледі.

«Қазіргі таңда алғашқы жаттығулар қалыпты, өз дәрежесінде өтіп жатыр. Жаңа маусымда жаңа бағдарламаны жоспарлап отырған жоқпын. Менің білуімше, Гран при ұлттық форматта өтеді және жарыстағы ұпайлар рейтингке енгізілмейді. Ал мен Гран-приге қатыспаймын. Оқуыма қатысты айтар болсам, маған өте ұнайды. Көп жаңа ақпараттар, сонымен қатар, үй жұмысы да көп. Әзірге бәріне үлгеріп жатырмын», – дейді Тұрсынбаева.

Айта кетейік, Элизабет Тұрсынбаева биыл Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтына оқуға түсіп, студент атанды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз