МАХАМБЕТОВ МЕМОРИАЛЫ БАСТАЛАДЫ

360

0

20-26 мамыр аралығында шахматтан «Аралбай Махамбетов мемориалы» балалар кубогының 1 кезеңі өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жыл өткен сайын сайысқа қатысу­шылардың саны артып келеді. Бұл жолы еліміздің барлық аймақтарынан 300-ден астам зейінді ойыншылар, сондай-ақ, Қырғызстан делегациясы алғаш болып бақтарын сынайды.

Мемориалда жасөспірімдер бес турнир бойынша сынға түседі. Яғни, блиц турнирден басталып сынамалық А-open, В, С және командалық D турнирі. Жарыстар ФИДЕ рейтингісі есебімен жүреді. Яғни, жас ерекшеліктеріне қарай турнир сатысы мен разрядтарына орай өтеді. Блиц және open турнирінің сыйлық қоры – 350 мың теңге. 

А.Махамбетов мемориалы алғаш рет 2009 жылы ұйымдастырылған болатын. Осыдан кейін шахмат турнирін өткізу дәстүрге айналды.

– Біздің мақсатымыз – зейінділер ойынын дамыту және Қазақстан Кубогының финалына қатысушы үміткерлерді анықтау. Сонымен қатар, жарыс бағдарламасына open-турнирді және ФИДЕ рейтингісінің есебімен  блиц-турнирді қостық, – дейді ұйымдастырушылар.

Балалар кубогының І кезеңін бас төреші, ФИДЕ арбитрі Василий Шимелков бастаған төрешілер бригадасы атқарады. Нәтиже көрсеткіші бойынша ел кубогының финалына қатысушылар іріктеледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<