Қамшыбек Қоңқабаев профи бокста екінші рет жеңіске жетті

940

0

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев (1-0, 1 КО) кәсіпқой рингтегі екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz ресурсына сілтеме жасап.

Ол украиналық Сергей Радченкомен (7-6, 2 КО) қолғап түйістірді. Супер ауыр салмақтағы айқас сегіз раунд деп белгіленген болатын. Бірақ ол төрт раундтан кейін тоқтады. Себебі, төртінші раундта Радченко нокдаунға түсіп қалды.

Сондықтан жекпе-жекті әрмен қарай жалғастырудан бас тартты. Осылайша Қамшыбек Қоңқабаев қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп кетті.

Бұл – Қамшыбектің кәсіпқой рингтегі екінші жеңісі. Екеуін де нокаутпен ұтқан. Еске сала кетейік, қазақстандық былғары қолғап шебері Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін биылғы тамыз айында Иса Акбербаевқа қарсы өткізген еді. Ол қарсыласынан басым түсті. Қамшыбек 2017, 2019 жылдары әлем, сол жылдарда Азия чемпионы атағын иеленді. Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды. Кәсіпқой бокста жекпе-жек өткізгеніне қарамастан ол аталған дүбірлі додада бақ сынау мүмкіндігін жоғалтқан жоқ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз