Қасқырлар “Каспийден” басым түсті

1026

0

Футболдан OlimpBet Қазақстан чемпионатының 4 турында “Қайсар” “Каспийды” қабылдап, 2-1 есебімен жеңіске жетті.

Кездесудің алғашқы жартысында қонақтар алаңда белсенділік танытып, есеп ашты. Руслан Мингазовтың голынан кейін ойынның бірінші кезеңі өзгеріссіз аяқталды.

Үзілістен кейін Әбілдаев бапкер құрамға өзгеріс орнатып, алаңға тыңнан ойыншылар қосты. Төрешінің ысқырығынан кейін алаң иелері шабуылға ден қойып, Каролис Лаукжемяс таразы басын теңестірді. Кездесудің 82 минутында Шоқан Абзалов Гегам Кадемиянның пасын ұтымды пайдаланып, командасын алға шығарды. Қорытынды есеп 2-1!

“Қайсар” – “Каспий” 2-1

Голдар: Мингазов 26, (0-1); Лаукжемяс 47, (1-1), Абзалов 82, (2-1)

Қайсар: Леонов, Кеңесов (Сарбай 84), Потапов, Усман, Карпович, Денкович, Байжанов (Чадженович 46), Құрманбекұлы (Битанг 62), Лаукжемяс (Абзалов 56), Махан (Кадемян 46), Нәрзілдаев.

“ҚАЙСАР” ФК баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<