«Қасқырлар» Түркияға аттанады

1499

1

Кеше дала қасқырларының екінші оқу-жаттығу жиыны тәмамдалды. Қызылордада өткен дайындық барысы физикалық жаттығуларға негізделді. Премьер лигаға дайындығын ерте бастаған “Қайсар” 28 қаңтарда үшінші оқу-жаттығу жиынын өткізуге Түркияға аттанады. Сұлтан Әбілдаевтан тәлім алатын команда қара теңіздің етегінде ақпан айының соңына дейін болады.

Анталиядағы жиынға бас бапкер бірнеше ойыншыны қаралымнан өткізеді. Жалпы биыл команданың негізгі бөлігі жергілікті футболшылардан жасақталған. Болгар маманы Стойчо Младеновтың тұсында қосалқы құрамда қалған Өркен Махан, Шоқан Абзалов, Елжас Алтынбеков, Нұрым Салайдын секілді футболшылардың жұлдызы жарқырай түспек. Бүгінде команда құрамында өткен маусымнан 4-5 ойыншы қалды. Атап айтсақ, Думан Нәрзілдаев, Ілияс Әмірсейітов және Марсель Исламқұлов бар. Футбол инсайдтарының хабарлауынша, грузиялық шабуылшы Элгуджа Лобжанидзе мен Элфин Фортес қасқырлардың Түркиядағы жаттығу жиынында қосылады деген сыбыс бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<