Қазақстандықтар Олимпиада ойындарын қайдан көре алады?

703

0

XXXII жазғы Олимпиада ойындары Токиода 23 шілдеде басталады. Қазақстан құрамасы 27 спорт түрінен 97 лицензия жеңіп алды. Спортшылардың жарысын қазақстандықтар қайдан көре алады?

Токио Олимпиадасы көрерменсіз өтеді, тіпті жапониялықтар да ойындарды өз көзімен көре алмайды. Әлемде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты бүкіл әлем халқы олимпиаданы онлайн-трансляциялардан көреді. Бірақ биыл Олимпиада ойындарының трансляциясы қазақстандық телеарналардан көрсетілмейді.

«Токиодағы Олимпиада ойындарының тікелей эфир құқығы Dentsu Inc. компаниясына тиесілі. Qazaqstan, Qazsport және «Хабар» республикалық телеарналары Dentsu Inc. компаниясымен 2019 жылдан бері келіссөздер жүргізуге тырысқан. Алайда ұзақ келіссөздерге қарамастан тараптар келісімге келе алмады. Құқық иесі 2016 және 2018 жылдардағы бағамен салыстырғанда ойындарды трансляциялауға лицензияның бағасын 123%-ға артық белгілеген», – деді Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің басшысы Данияр Кәрімжан.

Отандық телеарналарда көрсетілмесе, Олимпиада ойындарын трансляциялауға құқығы бар басқа елдердің арналарынан көре аламыз. Ол үшін теледидарыңыз кабель жүйесіне қосылған болса жеткілікті. Ал қосылмаса, олардың онлайн қызметін қолдануға болады. Гаджетке VPN жүктеп алсаңыз, қай жерде жүргеніңізге қарамастан онлайн қосымшаларын қолдануға болады. Ол үшін VPN-нен өзіңіз қалаған елді таңдайсыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<