Қызылорда: Облыстық коньки спорты федерациясының президенті тағайындалды

827

0

Коньки спорты федерациясының (мәнерлеп сырғанау, шорт-трек) кезектен тыс отырысы өтті.

Жиынға федерация мүшелері, жаттықтырушылар және ата-аналар қатысты.

Жиналыста федерация президенті Байтақ Тұрсынбаев соңғы үш жылдың жұмыстарын қорытындылады.

Соңғы үш жылда мәнерлеп сырғанаудан жасөспірім спортшылар республикалық, халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетіп, 49 медальді иеленді.

Сондай-ақ, 2019 жылы Сайтама қ. (Жапония) мəнерлеп сырғанаудан өткен Əлем чемпионатында Элизабет Тұрсынбаева күміс жүлдені еншілеп, төрт айналым элемент секірген əйелдер арасында мəнерлеп сырғанаушы ретінде тұңғыш тарихқа енді.

Соңғы екі жылда шорт-тректен
Сыр спортшылары 24 медаль иеленді. Қазақстан чемпиондары, спорт шеберіне үміткерлер: Олжас Кулкеев, Диляра Туралиева, Айару Қайратқызы, Жансая Есен, Ұлту Құрманбай және күміс жүлдегерлер Ілияс Әбдіманап, Али Дайрабай, Мағжан Бақытжанұлы еліміздің намысын қорғады.

Жиын барысында коньки спорты федерациясының жаңа президенті лауазымына Мағжан Ералиев тағайындалды. Қазіргі таңда Мағжан Абзалұлы «Мағжан и К» ЖШС және «Абзал и К» ТС бас директоры қызметін атқарады. Ол өз кезегінде Сыр спортының дамуына, оның ішінде мәнерлеп сырғанау мен шорт-трек спортының жандануына үлес қосатындығын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз