Қызылордалық ауыр атлет алтыннан алқа тағынды

797

0

Перудің Лима қаласында ауыр атлетикадан өткен онлайн Əлем кубогында қызылордалық Айсамал Сансызбаева алтыннан алқа тағынды.


Жарыстың соңғы күнінде 81 келіден жоғары салмақ дəрежесінде жасөспірімдер арасында сынға түскен Айсамал жұлқа көтеруде – 107, серпе көтеруде – 137 келіні көтеріп, қоссайыс нəтижесінде 244 келіні бағындырды.


Ол былтыр Солтүстік Кореяның Пхеньян қаласында өткен Азия чемпионатында 2 мəрте күміс жүлдені иеленген болатын.

А.Сансызбаева – Шиелі ауданының тумасы. Қазіргі таңда Ж.Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжде оқып жүр.


Жаттықтырушылары – Арман Әбдіраев жəне Нұрсұлтан Бахрадин.
Дүбірлі бəсекеге еліміздің намысын облысымыздан төрт спортшы қорғады. Рахат Бекболат пен Айсамал Сансызбаева Əлем кубогының жеңімпазы атанды.

Ал Азамат Төлеген мен Мейрамбек Əбдіхалық 4-орындарды иеленді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<