Қызылордалық зілтемірші – Әлем кубогының чемпионы

942

0

Перудің Лима қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан онлайн Əлем кубогында жерлесіміз Рахат Бекболат чемпион атанды.

Ол жасөспірімдер арасында 102 келі салмақ дəрежесінде өнер көрсетіп, қоссайыс нəтижесінде 319 келіні (140+179) бағындырды.

Айта кетейік, зілтемірші былтыр Солтүстік Кореяның Пхеньян қаласында жəне Ташкентте өткен өткен Азия, Лас-Вегастағы Əлем чемпионаттарында алтын медальдарды иеленген болатын. Ал 16 жасында Əлем рекордын орнатып, Азияның «Үздік спортшысы» номинациясын иеленген. Бапкері – Нұржан Смаханов, Арман Әбдіраев.

11-18 қараша аралығында өтіп жатқан дүбірлі бəсекеге 61 елден 399 спортшы қатысуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<