Рахат Бекболат ең үздік спортшы атанды

1004

0

Vesti.kz спорт порталы оқырмандарының дауыс беру нәтижелері бойынша жерлесіміз Рахат Бекболат Қазақстанның «Ең үздік спортшысы» деп танылды.

Дауыс беру нәтижелері бойынша 17 жастағы спортшы 55% дауыс жинап, үздік атанды.

Рахат Бекболат 2004 жылы 14 қаңтарда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2010 жылы Қызылорда қаласындағы Ж.Нұрсейітов атындағы №233 орта мектепке қабыл­данды.

2016-2019 жылдар аралы­ғында Жалаңтөс баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырыл­ған мектеп-интернатында оқы­ды. 2019 жылдан бері Қазақ гуманитарлық заң жəне техникалық колледжінің студенті.

Нұржан Смаханов жəне Арман Абдраев оның бапкерлері.

Рахат ауыр атлетикадан ҚР спорт шебері, ұлттық құра­ма команда мү­шесі, ҚР 4 дүр­­кін чем­пио­ны. 23 жас­­қа де­йінгі жас­­тар ара­сын­да ҚР чемпио­на­­тының қола жүл­дегері, 17 жасқа дейінгі ұлдар мен қыз­дар арасындағы ҚР жеке-командалық чемпионатының 1-орын иегері. Жасөспірімдер арасында Əлем чемпионы (АҚШ, Лас-Вегас 2019), жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионатының 2 дүркін чемпионы (Солтүстік Корея, Пхеньян 2019, Өзбекстан, Ташкент 2020), 15 жасында жасөспірімдер арасында, 16 жасында жастар арасында Əлем рекордын орнатты. Азия­ның «Үздік спортшысы» номинациясының иегері.

2020 жы­лы Перудің Лима қаласында жас­өс­пі­рімдер арасында өткен онлайн Әлем Кубогының жеңімпазы атанды және серпе көтеруде 102 келіге дейінгі салмақта әлем рекордын жаңартты.

Қ.ӘБІШ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<