Стойчо Младенов «Қайсардан» кететін болды

283

0

Болгариялық Стойчо Младенов алдағы жылы Қызылорданың «Қайсар» командасындағы бас бапкер қызметінен кетеді.

Стойчо Младенов 1957 жылдың 12 сәуірінде дүниеге келген. 1975-1994 жылдар аралығында Болгария және Португалияның бірқатар клубтарында ойын көрсетті.

1978-1988 жылдар аралығында Болгария ұлттық құрамасында 59 мәрте жасыл алаңға шығып, 15 голдың авторы атанды.

1991 жылдан бастап Португалия, Болгария, Грекия, Сауд Арабиясы, Египет елдерінде бапкерлік қызмет атқарды.

2016 жылы қазақстандық «Атырау» командасына бапкерлік жасады.

2017 жылдан бері «Қайсар» командасының тізгінін ұстап келді. Былтыр қызылордалық клуб Қазақстан кубогына ие болып, өз тарихында тұңғыш рет Еуропа лигасында ойын көрсетті.

Әділжан ҮМБЕТ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз