
Ойын бағдарламасында ұлттық, бұқаралық және олимпиадалық спорт түрі енгізілген. Дүбірлі додада республиканың 14 облысынан 2000-ға жуық ауыл спортшылары шеберлік байқасты.
– Сайыс спорттың 10 түрінен өтті. Атап айтсақ, волейбол, шағын-футбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, еркін күрес, асық ату, грек-рим күресі, дзюдо, таеквондо, гандбол секілді спорттан Қызылора командасы үздік өнер көрсетті. Бұл шараның мақсаты – ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын іске асыру, салауатты өмір салтын насихаттау, ауылдық жердегі жасөспірімдерді дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту, үздік спортшыларды анықтау, спорт резервін даярлау, – дейді спортшылар.
Айтулы спорт бәсекесі 21 тамыз күні қорытындыланды. Нәтижесінде қызылордалықтар І орынды жеңіп алса, келесі орынға Алматы командасы жайғасты. Ал ІІІ орын Түркістан жастарына бұйырды.
Облыс құрама сатында өнер көрсеткен жалағаштық Әсел Бейсенбай дзюдо күресінен І орынды жеңіп алса, Диас Айнабек пен Бекарыс Жаныс ІІ орынды қанжығасына байлады. Сонымен бірге, жерлесіміз Гүлнұр Бақытжан, Әділжан Данияр да таеквондо спорт түрінен үздік өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<