Доллар бағасы арзандады

914

0

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 25 маусым кешімен салыстырғанда 1,38 теңгеге құлдырап, 1 доллар 425,49 теңге болған.

Ұлттық банктің 28 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 426,94 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 425,56 теңге, сатып алу – 427,18 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша орташа сату бағамы 425,49 теңгеден болса, ал сатып алу құны– 426,71 теңге.




 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<