Күріш егу аяқталуға жақын

1490

0

Бүгінде облыста егін науқаны аяқталуға жақын. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының 1 маусымдағы мәліметі бойынша, қазір 85437 гектарға күріш егілді. Бастырылғаны – 85211 гектар. Биыл 88 мың гектардан астам алқапқа күріш егу жоспарланған еді.

Жылма-жыл күріш егісі жөнінен көш бастап келе жатқан Жалағаш және Сырдария аудандарының диқандары сол межені бағындырды. Күріш көлемі биыл Жалағашта – 21156, Сырдарияда 21126 гектарды құрайды. Аталған аудандар егілген күрішті толықтай суға бастырып үлгерді. Одан кейінгі орындағы  Қармақшыда – 13460, Шиеліде – 12200, Жаңақорғанда – 7500, Қазалыда 6341 гектар дән себілді. Ал Қызылорда қаласына қарасты шаруашылықтарда диқандар 3654 гектарға егіп, белгіленген межені 20,5 пайызға артығымен орындады. Олардың барлығы суға бастыруды аяқтап үлгерді.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<