«Қазатомөнеркәсіп» акциялары орналастырылуда

849

0

«Самұрық-Қазына» АҚ акциялар мен жаһандық депозитарлық қолхаттар (ЖДҚ) түріндегі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акцияларын Қазақстан Республикасының азаматтарына Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) қор биржасында сату жолымен орналастыру процесін аяқтады. Азаматтардан өтінімдер жинау 2020 жылдың 3 маусымы сағат 15.40-тан 8 маусым 16.00-ге дейінгі уақыт аралығында жүргізілді.

         Ашық ұсыныстың нәтижесінде Қазақстан Республикасының азаматтарынан жалпы саны 203 мың акция және 921 мың ЖДҚ үшін 615 өтінім түсті, бұл ұсыныс деңгейінен 2,9 есе асып түсті. Компанияның акцияларын алдыңғы орналастырумен салыстырғанда, орналастыруға қатысқан азаматтар саны 5 еседен астамға артып, 564 адамды құрады.

         Капитал нарығындағы тұрақсыздық пен экономикадағы экономикалық қиындықтар жағдайында Қор жеделдетілген жазылымды орналастырудың ең жақсы уақытын таңдады, ол инвесторлардың үлкен сұранысын арттырды және инвестициялық қауымдастықтың оң бағасын алды.

         Қор акцияларға сұраныс жоғары екендігін ескеріп, тең қол жетімділік қағидаттарын ұстана отырып, сонымен бірге, азаматтарды барынша қамту мақсатында акциялардың немесе ЖДҚ көлемін бір қолға 1960 данадан аспайтын мөлшерде шектеді.

         Осы акцияларды орналастыру жалпы ішкі қор нарығын және атап айтқанда АХҚО биржасын одан әрі дамытуға серпін беруге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, ұлттық компаниялардың акцияларын орналастыру халықтың жинақтарын жинақтау мен инвестициялаудың қолжетімді баламасы болып табылады.

         Осылай орналастыру «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ жекешелендіру бойынша үшінші кезеңнің бөлігі болып табылады, ал үшінші кезеңнің жалпы көлемі халықаралық және отандық инвесторлар арасында 211,6 млн АҚШ долларын құрады, оның 27%  ҚР Заңды және жеке тұлғаларына тиесілі.

         Қор жекешелендіру бағдарламасын іске асыруды және басқа да ұлттық компанияларды ІРО жүргізуге дайындауды жалғастырады, олар Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісілген мерзімде сыртқы экономикалық және салалық жағдайларға сүйене отырып жүзеге асырылатын болады.

         Айта кету керек, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы – дара акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын қор. Қор 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған және ол коммерциялық құрылым – инвестициялық холдинг саналады. Оның миссиясы – Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын көтеру және ұлттық экономиканы жаңғыртуға қолдау көрсету. «Самұрық-Қазына» өз миссиясын қоржындық компаниялардың ұзақмерзімдік құны мен тұрақты дамуын арттыру үшін оларды тиімді басқару арқылы, сондай-ақ ұлттық экономиканың басым секторларының дамуына каталитикалық инвестиция салу арқылы жүзеге асырады. Қор активі шамамен 67 млрд долларды құрайды. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына мұнай-газ және көлік-логистика секторларының, химия және атом өнеркәсіптерінің, тау-кен кешендерінің, энергетика, машина құрастыру және жылжымайтын мүлік салаларының кәсіпорындары кіреді.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<