Шын банкнотты жалған банкноттан қалай ажыратуға болады?

875

0

Банкноттардың қорғаныс элементтері туралы Ұлттық банктің Қолма-қол ақша айналысы департаментінің банкноттар мен монеталар сараптама басқармасының бастығы Асхат Әбішев түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шын банкнотты жалған банкноттан ажырату үшін олардың түпнұсқалығының бірнеше белгілерін білу жеткілікті. Еліміздегі жалған банкноттардың негізгі бөлігі түпнұсқалықтың кейбір белгілерін ғана имитациялайтын жеңілдетілген технология бойынша шығарылады.

Асхат Әбішевтің айтуынша, мұндай қолдан жасалған банкнотты арнайы жабдықтың көмегінсіз-ақ «сезін – қара – аударып көр» әдісін қолдану арқылы анықтауға болады.

«Алдымен банкнотты ұстап сезіну қажет. Банкнот қағазы ерекше шытырлайды. Барлық банкноттарда бедер беретін арнайы мөр басылған. Егер «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген атауы немесе архитектуралық бейнелер, Қазақстанның картасы бойынша саусақпен жүргізіп көрсе бедерді сезуге болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<