Жаңа бағыт

374

0

Әрине, оныншы мерейтойлы инвестициялық форумнан жақсы жаңалықтар күтеміз. Бұған дейінгі өткен 9 форумда әріптестік байланыс орнап, бүгінде олар жұмыс жасауда.
Биылғы жылғы форум тақырыбы – «Жасыл» экономика – аймақ дамуының жаңа бағыты» деп аталады. Бұл тақырып кездейсоқ таңдалған жоқ, өткен жылы «ЭКСПО-2017» көрмесінен кейін баламалы энергия көздерін пайдалануға үлкен қадамдар жасалды. Форумда баламалы қуат көзін пайдалану, ауылшаруашылығында, су ресурстарында, қоқыстарды өңдеу бойынша және басқа салаларда жаңа технологияларды пайдалану, «Жасыл кластер» құруда аймақтың әлеуетін пайдалану жан-жақты талқыланды.
Тағы бір атап айтарлығы, Қазақстанда  күн сәулесі молынан түсетін аймақтың бірі – Қызылорда. Бәсекеге қабілетті болуда тек күннің ғана емес, адамдардың да энергиясының ықпалы зор. Бұл орайда отандық инвесторлармен қатар жақын орналасқан мемлекеттер – Ресей мен Қытай инвесторлары Қызылорда облысының мүмкіндіктерін жоғары бағалайды.
Сергей СТАНОВКИН,
 «ВВС» телеканалының коммерциялық өкілдігінің басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<