Әлемді қартаю үрдісі алаңдатады

874

0

Әлемде бітіспейтін жанжалдармен бірге тағы бір проблема пайда болды. Ол – жылдам қарқын ала бастаған әлем халқының қартаю үдерісі. Бұл әлеуметтік ғана емес, саяси түйіткілге айналды.

Сарапшылардың пайымдауынша, 2050 жылға қарай әлемдегі әрбір алтыншы адамды немесе халықтың 16 процентін 65 жастан асқандар құрайтын болады. Бұл қарқын қазір үдемелі жылдамдықпен дамып келеді. Сондай-ақ дәл осы 2050 жылы Еуропаның және Солтүстік Американың әрбір төртінші тұрғынының жасы 65-те және одан да жоғары болады. 2018 жылы адамзат тарихында тұңғыш рет әлемде 65 жастан асқан адамдар саны 5 жастағы сәбилердің санынан асып түскен. Болжамдарға сәйкес 80 жастағы адамдар саны 2019 жылғы 143 млн-нан 2050 жылы 426 млн-ға жетеді. 

Осының барлығы Біріккен Ұлттар ұйымын алаңдатуда. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1999 жылды Қарттар жылы деп жариялады. Сонымен бірге бұл көптеген елдерді әлеуметтік, сонымен бірге қаржылық, салық салуға қатысты шұғыл шешімдер қабылдауға мәжбүр етеді.

Қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстанда нендей мәселе бар? Соңғы жылдардағы есеп бойынша республикадағы әрбір 100 балаға 65-тен асқан 26 азамат келеді екен. Бұл арақатынас еліміздің солтүстігінде бір­шама күрделі. 2016 жылы әрбір 1000 тұрғынға шақ­қанда туу коэффициенті Қазақстандағы 16 аймақтың 5-уінде ғана өскен. Одан кейінгі жылдардағы жағдай да мәз емес. Қазір Солтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінде қартаю индексі 100 балаға 65 егде адамды құрап отыр. Ең төменгі көрсеткіш Атырау облысында тіркелген. Бұл өңірде 15 жасқа дейінгі әрбір 100 балаға жасы 65-тен асқан 14 адамнан келеді. Ал Алматы қаласында 100 балаға 37 зейнеткерден келеді. Егде жастағылардың үлес салмағы Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында басым.

Бірақ сарапшылар Еуропамен салыстырғанда бұл деректерге алаңдауға не­гіз жоқ екенін айтады. Мысалы, Ресейде жасы 65-тен асқандардың үлесі 13 процент болса, Еуропада бұл көрсеткіш одан екі есе жоғары.

Қазақстандық академик Төрегелді Шарманов мы­надай қызғылықты дерек­тер келтіреді. Мысалы, Қазақстанда 1897 жылы әйелдердің орташа жасы 31, ерлердікі 33-ті құраған. 2008 жылы бұл көрсеткіш 67 жасқа жеткен, қазір 70 жастан асқан. Чилиде 1910 жылы адамдар орта есеппен 29 жас жасаса, 2000 жылы көрсеткіш 72 жасты құраған. Сондай-ақ парагвайлықтар, хорваттар, эквадорлықтар, Оңтүстік, Солтүстік Америка, Оңтүстік Азия елдерінің халқы біршама ұзақ өмір сүреді. Орта өмір сүру жасы жөнінен Чили, Куба секілді экономикалық жағынан әлсіз елдердің жағдайы бөтен емес. 

Редакция халықтың жасына қатысты деректерге қанығу үшін облыстық статис­тика департаментіне арнайы қатынас жолдаған еді. Департаменттен төмендегідей мәліметтер алдық.

Қызылорда облысы халқының жасына қарай саны

адам

Қала, аудан атауы01.01.2019ж.01.01.2020ж.
Барлық халық саныоның ішінде: 16-62(58)Барлық халық саныоның ішінде: 16-62(58)
Қызылорда облысы794 334447 792803 531452 602
Қызылорда қ.ә.303 204166 739312 861170 899
Байқоңыр қ.ә.39 11125 94539 34126 243
Арал ауданы79 15044 06779 69344 645
Жалағаш ауданы35 70520 73735 09820 379
Жаңақорған ауданы84 47446 57884 38346 642
Қазалы ауданы77 18544 13777 37344 392
Қармақшы ауданы54 26531 82953 781 31 603
Сырдария ауданы38 84122 22038 38922 107
Шиелі ауданы82 39945 54082 61245 692

Халықтың тууы, өлім-жітімі және табиғи өсімі

адам

 2018 жылы2019 жылы2020ж. қаңтар-желтоқсанында2021ж. қаңтар-ақпанында
тууқайтыс болутабиғи өсімтууқайтыс болутабиғи өсімтууқайтыс болутабиғи өсімтууқайтыс болутабиғи өсім
Қызылорда облысы19 1954 29914 89619 3474 52714 820  21 674  6 008  15 666  3 495  743  2 752
Қызылорда қ.ә.8 4011 7286 6738 7001 7586 9429 6212 4527 1691 5083211 187
Байқоңыр қ.ә.548132416613158455616200416891871
Арал1 8264351 3911 8975091 3882 0646601 40433770267
Жалағаш7822015817851925938772516261273196
Жаңақорған1 9253341 5911 8693891 4802 2175201 69735548307
Қазалы1 7384371 3011 7024801 2221 9446471 29737281291
Қармақшы1 2423548881 1553458101 38744494320149152
Сырдария8342415937582305288152565591435093
Шиелі1 8994371 4621 8684661 4022 1335781 55536375288

Цифрлардан көрініс беріп отырғандай, Қазақстанда ай­мақтар бойынша бала туу көрсеткіші, әсіресе, оңтүстік өңірлерде жоғары. Олардың қатарына Қызылорда облысы да енеді. Демек, әзірге, Қазақстанның санаулы облыстарында ғана қартаю үдерісі байқалмайды. Табиғи өсім жоғары, демографиялық жағдай тұрақты.

Бірақ ғалымдар қазақс­тан­дықтардың «жылдам қартаю синдромына» ұшыра­ғанына алаңдаулы екенін жасыр­майды. Бұл орай­да ең қауіптісі, жастай ағза­ның тозуы байқалады. Түсі­нікті болу үшін оны былай сипаттауға болады: адамның күнтізбелік жасы оның биологиялық жасымен сәйкес келмейді. Бейнелеп айтқанда, қырық бес жастағы адам ағзасы тозғандықтан елуді еңсерген егде адамдай көрінеді. Бұл дерт үлкендерге қарағанда жастар арасында етек алып келе жатқаны алаңдатпай қоймайды. Мұны өркениетке тән құбылыс дейсіз бе, басқалай атайсыз ба, бір шындығы, адамдар ағзасындағы ауытқушылыққа сыртқы факторлар (эконо­ми­калық, экологиялық, әлеу­меттік, т.б.) қатты әсер етуде. Онымен күресу үшін салауатты өмір салтынан ауытқымауға, спортпен шұғылдануға, дұрыс тамақтануға, т.б. мән беруде. Бір қызығы, қызық дейміз-ау, шыжығы сонда, енді біреулеріміз түрлі қитұрқы тәсілдерге барып, басын қатерге тігіп, пластикалық ота жасатуда. Ал әлемнің мүйізі қарағайдай ғалымдары «жастық эликсирін» іздеп бас қатыруда. Елімізге келсек, бұл түйіткілді мәселенің түйінін тарқату үшін бірнеше ғылыми зертхана ашылды. Оңтүстік астанамыздағы Асфендияров атындағы ме­ди­цина университетінің ға­­лым­дары адамды жасар­та­тын құ­рал ойлап тапты. «Ол өзінің тәжірибелік тұ­жы­рым деңгейінен өтті. Тұ­тас­тай алғанда, ол ағза фун­к­циясының негізгі көрсет­кіштерін жақсартады. Мұны бірыңғай сақтауға ықпал ететін биологиялық қоспа деп атаса да болады», – деді сол университеттің ғалымдары.

Академиктің пікірінше, дұ­рыс тамақтанудың адамның жасаруына ықпалы ерекше. Ол бұл орайда еттен, әсіресе майлы еттен гөрі жеміс-жидекті молынан тұтыну керегін айтады. Мысалы, еуропалықтар күн сайын 400 грамға дейін жеміс тұтынады. Егер тамақ рационы дұрыс сақталса, өлімнің тең жарымын қысқартуға болады.

Осының барлығы, оның ішінде ғалымдардың ұсыныс­тары, әлбетте, құптарлық. Бірақ нақты өмірде бұдан маңызды мәселе бар еке­нін  ұмытпағанымыз абзал. «Сананы тұрмыс би­лейді» демекші, біздің ма­те­риал­дық жағдайымыз осы­­нау түйінді мәселеде ше­­шуші рөл атқаратынын неге ес­кер­мейсіз? Әртүрлі көз­дер­ден алынған мәлімет­терге сүйенсек, Қазақстанда отбасылардың 30 проценті айына орта есеппен 100-150 мың теңге нәпақаға өмір сүреді екен. Толыққанды тамақтануға олардың жағ­дайы көтере ме? Қазақ мұн­дайды «аш бала тоқ баламен ойнамайды» деп, бейнелі түрде айтып кеткен. Халықтың мұндай табыстан да төмен өмір сүретін тобы бар.

Сонымен бірге жұмыс­сыз­дық, қызмет бабында әртүрлі стрестік жағдайға байланысты қалыптасатын қолайсыздықтарды ескерусіз қалдыруға болмайды. Бізде халықтың табысын жан басына шаққандағы мөлшермен таразылайтын өлшем бар. Шынын айту керек, бұл өлшем халықтың тұрмыс жағдайына таразы бола алмайды. Ол бар болғаны халықтың жоғары жалақы алатын шағын тобы­ның ғана хал-ахуалын біл­діреді.

Осыған орай мына мәсе­лені оқырмандар назарына ұсына кеткенді жөн көрдім. Кейбір сарап­шы­лар­дың пі­кірінше Қазақ­станда бүгінгі ресми түрде айтылып жүрген орташа зейнетақы біздің елімізде ең жоғары зейнетақы алатын зейнеткерлердің есе­бінен көтеріліп отыр. Ал ондай зейнеткер барлық зей­нет­керлердің 15 про­центін құрайды.

Қазақстандағы үш ірі ком­панияның табысы елі­міз­дің ішкі жалпы өнімінің 15 процентін құрайды. Ал ондағы жұмыскерлер саны елдегі жұмыскерлердің бар болғаны 0,1 процентін құрайтынына қарамастан, жалақылары едәуір жоғары. Оған ештеңе өндірмейтін ірі мемлекеттік компания қызметкерлерінің жоғары жалақысын қосы­ңыз. Олардың жай қызмет­кер­лерінің өзі 500-800 мың теңге жалақы алады.  Қазір Президенттің қолда­уымен бюджет саласы қызмет­керлерінің, әсіресе мұға­лім­дердің жалақысы едәуір көтерілді. Медицина, басқа салаларға да қолдау болатыны жөнінде мәлімдеді.  Бірақ, керісінше, инфляцияны ауыздықтау барынша қиынға соғуда. Бұл енді, Үкіметтің, Ұлттық Банктің макроэкономикалық саясатын қаншалықты тиімді жүргізуіне байланысты ұғыммен са­бақ­тас.

Мәселе күрделі. Оны тиімді шешу үшін Үкіметтің тиісті шешімдері қажет.

Жолдасбек АҚСАҚАЛОВ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<