Бүгін Жалағаш кенті мен Мақпалкөл ауылдық округі тұрғындары үшін маңызды саяси науқан – әкімдер сайлауы өтуде.
Аталған аумақтардағы барлық сайлау учаскелері таңғы сағат 07:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің орындалуымен салтанатты түрде ашылып, өз жұмысын бастады.
Маңызды саяси науқан аясында сайлау учаскелеріне алғашқы болып келіп, өз таңдауларын жасаған дауыс берушілерге естелік сыйлықтар табысталуда.
Айта кетейік, сайлаушылардың дауыс беруі кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.






