Апта ағымында

6

0

ЖАЛАҒАШТА ӨТКЕН МОБИЛЬДІ ҚАБЫЛДАУДА 40-ҚА ЖУЫҚ АЗАМАТ ӨТІНІШ БІЛДІРДІ

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен Жалағаш ауданы кент орталығында мобильді қоғамдық қабылдау өтті.

Қабылдауға партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері, бөлім басшылары, заңгерлер, медиаторлар, «Отбасы банкі» АҚ Қызылорда облыстық филиалының мамандары, сондай-ақ партияның «Қарызсыз қоғам» жобасының облыстық өкілі Балдырған Мәмен қатысты.

Іс-шара барысында тұрғындардың өзекті мәселелері тыңдалып, жауапты сала мамандары тарапынан тиісті түсіндірмелер берілді.

ENBEK HUB – QYZYLORDA» ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ 10 МЫҢНАН АСТАМ БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Қызылорда қаласында «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы» бағдарламасы аясында дәстүрлі «Enbek hub – QYZYLORDA» өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Абай, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарының жұмыс берушілері мен жергілікті кәсіпорындардың қатысуымен ұйымдастырылған өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова қатысты.

Жәрмеңкеде барлығы 10 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды.

«AMANAT» партиясының облыстық филиалы іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсетіп, партия алаңына жұмыс сұрап келген азаматтарды жәрмеңкеге бағыттап, олардың белсенді қатысуына ықпал етті.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ВЕЛОЖАРЫС МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Аптада Әлем чемпионы, КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері Сатыбалдиев Марат Қуанбайұлының жүлдесіне арналған тас жолдағы велоспорттан 25–29 сәуір күндері 15–16 жас аралығындағы жасөспірім ұлдар арасында өткен республикалық веложарыс мәресіне жетті.

Жарыстың қорытынды жиынына партияның облыстық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының инспекторы Алтынбек Жарылқасынов қатысып, жеңімпаздарды марапаттады.

«ТАЗА БЕЙСЕНБІ» ЖОБАСЫ НӘТИЖЕСІН КӨРСЕТУДЕ

Жұмыс аптасында Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын қолдау мақсатында «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» жобасы аясында кезекті тазалық шарасы өтті.

Бұл жолы игі іс-шара «Қарамай көл» деп аталатын аумақтағы бей-берекет төгілген қоқыс орындарын тазалауға бағытталды. Шараға 50-ге жуық партияның белсенді мүшелері қатысып, аумақты қоқыстан тазартып, ретке келтірді. Сонымен қатар тазалық жұмыстарына арнайы техника жұмылдырылып, қоқыс жиналған орындар тегістелді. Нәтижесінде 1 тоннаға жуық қоқыс арнайы орынға шығарылып, ойық-шұқырлар мен үйілген топырақтар реттелді.

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ

Жұмыс аптасында облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұхтар Ниязов, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Еркебай Ғалымжан партия алаңында қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдауға 4 азамат өтінішпен келіп, олардың  2-і оң шешімін тапты. 2 мәселе бойынша кеңестер берілді.