Ауданда кең көлемде тазалық жұмыстары жүргізілуде

4

0

Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында аудан көлемінде сенбілік өтті.

Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың бақылауымен кент және барлық ауылдық округтерде санитарлық тазалық жұмыстары атқарылып, саябақтар мен орталық алаңдарға гүл көшеттері егілді.

Шара барысында көшелер, аулалар, аялдамалар, қоғамдық орындар мен демалыс аймақтары қоқыс қалдықтарынан тазартылып, ағаштар мен жол жиектері әктелді. Жиналған қалдықтар арнайы орындарға шығарылды.

Игі іске мекеме қызметкерлері, еріктілер және жергілікті тұрғындар белсенді атсалысты.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі