Аймақтық кеңестің көшпелі отырысы

473

0

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жұмыспен қамту және тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау», «Білім және ғылым» бағытындағы аймақтық кеңес мүшелері Жаңақорған ауданында болып,  партияның «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек» жобалары мен облыстық, аудандық сайлауалды бағдарламаның Жол картасы бойынша атқарылған жұмыстарға мониторинг жүргізді.

Кеңес мүшелері алдымен «Жаңақорған» шипажайында болып, мүмкіндігі шектеулі жан­дар үшін орталықтың бе­йім­делуі мен әлеуметтік пор­тал қызметі назарға алынды. Мұнан соң жұмысшы топ №28 «Алпамыс» санаториялық бөбекжай-балабақшаның және М.Қаратаев атындағы №51 орта мектептегі аудандық сайлауалды бағдарлама негізінде ашылған инклюзивті кабинеттің жұмысына шолу жасады.

Аймақтық кеңес мүшелері сапар барысында «Бақытты отбасы» мекемесінде де болды.

Кеңес мүшелері жауапты сала мамандарын қатыстыра отырып, партия филиалы ғима­ра­тында көшпелі отырыс өт­кізді. Жиынды кеңес төрағасы А.Есқараева жүргізді.

Аудан әкімінің орынбасары Д.Тұрсынбаев Жол картасының әлеуметтік және білім бағыты бойынша атқарылған жұмысты баяндады.

Сондай-ақ, жиында кеңес мүшелері «Бақытты отбасы» мекемесінің қазіргі ғимараты сәйкес келмейтінін айтып, мүмкіндігінше үлкен ғимаратқа ауыстыру туралы аудан әкімінің орынбасарына ұсыныс берді. Облыстық мәслихат депутаты Аида Абибуллаева М.Қаратаев атындағы №51 орта мектептегі инклюзивті кабинетке мүмкіндігі шектеулі балалардың белсенді келмейтінін айтып, олардың ата-аналарына насихат жүргізіп, арбада отыратын балаларды арнайы көлікпен тасымалдауға жағдай жасау қажеттігі туралы ұсыныс білдірді.

Жиында кеңес мүшелері 2020 жылғы партиялық бақылау комиссиясының  мониторинг жұ­­­мысы барысында №28 «Алпамыс» санаториялық бөбекжай-балабақшасына берілген сын-ескертпелер бойынша балабақша ғимараты толықтай жөндеуден өтіп, кемшіліктер түзетілгенін де тілге тиек етті.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<