Еуропарламент Беларусь-Польша шекарасындағы жағдайды талқылады

394

0

Еуропарламентте Беларусь-Польша елдерінің шекарасындағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты жиын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шара барысында Еуропарламент депутаттары гуманитарлық ұйымдарға поляк-беларусь шекарасында қамалып қалған мигранттарға көмек көрсету қажеттігіне назар аударды. Кейбір парламентарийлер Еуроодақ бюджетін Одақтың сыртқы шекараларында мигранттардың тұрақсыз өтуіне жол бермейтін қорғаныс құрылыстары үшін қолдануға үндеді. Бұдан басқа, Еуропалық одақ басшысы Шарль Мишель Польшаға барып, онда елдің Премьер-Министрі Матеуш Моравецкимен келіссөздер жүргізген. ЕО жоғары саяси органының басшысы Еуроинституттар мен мүше елдердің «алдағы күндері» ағымдағы жағдайға «айтарлықтай және нақты» әсер ету үшін қандай әрекеттер қолдана алатынын қарастыратынын уәде етті. Беларусь президенті шекарадағы босқындар, әсіресе жүкті әйелдер мен балаларға көмек көрсету мәселесіне назар аударуды тапсырды. Мемлекет басшысы сондай-ақ оларға құрғақ отын жеткізуді тапсырған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<