Тәжікстанда тойға 30-40 адамнан артық қатысуға тыйым салынды

866

0

Тәжікстан Республикасы үкіметі отырысының хаттамалық тапсырмасы негізінде және коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында алдағы уақытта үйлену тойлары тек отбасылық шеңберде өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ховар агенттігіне сілтеме жасап.

Дүйсенбі, 27 шілдеден бастап енгізілетін жаңа тәртіп бойынша, тойға қатысатындар саны 30-40 адамнан аспауы керек. Осыған байланысты комитет республиканың облыс, қала және аудандағы атқарушы органдарына телеграмма жіберді. «Бұл тәртіп елдегі коронавирус жағдайы тұрақталғанға дейін сақталады», – деп атап өтті Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Дін істері комитетінің баспасөз хатшысы Афшини Муким.

Бұған дейін Тәжікстанда эпидемияға қарсы шараларды күшейту жөніндегі республикалық штаб 20 маусымнан бастап елде 100 адамға дейін қатысатын іс-шараларды өткізуге уақытша рұқсат еткен болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<