Аралдағы жәрмеңке

593

0

Арал ауданында орын алған қуаңшылық жағдайына байланысты мал азығының тұрақты келуі мен тұрғындарға қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатындағы шаралар жалғасуда.


Кеше Арал қаласындағы «Шанхай» мөлтек ауданындағы темір жол өткелінің маңында кезекті мал азығына қажетті жем-шөп сатылымы мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жəрмеңкесі ұйымдастырылды.

Тұрғындар игілігіне арналған шараға аудан әкімі Серік Сермағамбетов барып, бірнеше ауылдық округтің жәрмеңкеге әкелген бау-бақша, ет және сүт өнімдерін аралап көрді.

Сонымен қатар, Шиелі, Жаңақорған аудандарынан жеткізілген мал азығына қажетті жем-шөптің сатылымына куә болды. Аудан басшысы шараны ұйымдастырушыларға барлық ауылшаруашылығы өнімдері сатылымында баға тұрақтылығының сақталуын қадағалауды тапсырды.

Атап өту керек, Шиелі және Жаңақорған аудандарынан барлығы 7 автокөлікпен жеткізілген жоңышқа, пішен престері сатылымда болды.

Бұдан басқа, Сазды, Қарақұм, Аққұм ауылдық округтерінің 800 кг ет өнімдері, 60 литр шұбат,Жіңішкеқұм ауылдық округінен жеткізілген қой малы және Ақбай ауылының қауын-қарбыздары, Қаратерең ауылдық округінен әкелінген 300 кг балық өнімдері тұтынушыларға ұсынылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<