Атыс болып, бірнеше адам қаза тапты

366

0

Вирджиния штатының Чесапик қаласындағы Walmart дүкенінде белгісіз біреу оқ жаудырды. Бұл туралы сейсенбі күні полициядан мәлім етті, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі ABC телекомпаниясына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, қаскүнем көз жұмған болуы мүмкін. Құқық қорғау органдары бірнеше адамның қаза тапқанын және көптеген тұрғынның жараланғанын айтты. Әзірге зардап шеккендердің нақты саны туралы ақпарат жоқ.

Қаза тапқандар саны 10 адамнан көп емес екені хабарланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<