Ауылға тартылған мамандарға үй салуға жыл сайын 22 мың жер телімі беріледі

306

0

Ауылға тартылған мамандарға үй салуға жыл сайын 22 мың жер телімі беріледі. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауылдық жерлерге қажет мамандарды тартуға назар аударылады. Оларға үй салу үшін жылына 22 мың жер телімі бөлінеді. Облыс орталықтарында және шағын қалаларда жылына 25 мың жер телімі беріледі. Жалпы алғанда алдағы 5 жылда шамамен 1 млн отбасы үшін 100 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынады. Соның ішінде 300 мыңға жуық пәтерді әлеуметтік тұрғын үй ретінде жеңілдікпен пайдалануға болады», – деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті шөл дала мәселесін, Семей ядролық полигоны, «Байқоңыр» ғарыш айлағы төңірегіндегі экологиялық түйткілдерді шешу жұмыстары жалғасатынын баса айтты.

«Аралдың солтүстік бөлігін қалпына келтіру және Жайық өзені алабының экологиялық жүйесін сауықтыру жөнінде шаралар қабылданады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз