Байқау

1731

0

«Сыр медиа» ЖШС-на қарасты облыстық «Сыр бойы» газеті ел Тәуелсіз­дігінің 30 жылдығына орай шығармашылық өкілдері ара­сында «Ордалы отыз жыл» байқауын ­жариялайды.

БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ

Байқаудың мақсаты:

Қаламгерлер шығарма­шы­лығының дамуына қолдау көрсету;

Ел  Тәуелсіздігінің 30 жыл­­дығын, осы уақыт аралы­ғындағы еліміз жеткен жетіс­тіктерді, тарихи оқи­ғаларды кеңінен ақпарат­тандыру.

Қатысушыларға қойы­латын талаптар:

Байқауға қатысу­шы­лар­дың жасына шектеу қойыл­майды.

Туындыларға қойы­ла­тын талаптар:

Тәуелсіздіктің 30 жылын­дағы Қызылорда облысының жетістіктерін насихаттау;

Отанға, туған жерге, елге сүйіспеншілікті көрсету;

Тақырыптың маңызын толығымен ашу;

Нақты ақпараттарды пайдаланып, өз пайымын білдіру;

Оқырманға эмоционалды әсер етуін ескеру;

Интернет, әлеуметтік же­лі­ден көшірілмеуі тиіс.

Сыйлықтар төмен­дегі­дей номинациялар  бойынша таға­йындалады:

«Үздік мақала»;

«Үздік сараптама»;

«Үздік сайт материалы»;

 Поэзия жанрына Әскербек Рахымбекұлы атындағы сый­лық;

Проза жанрына Айжарық Сәдібекұлы атындағы сый­лық.

Әр номинация жеңімпазы бағалы сыйлықпен марапатталады. 

ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

Шығармалар 2021 жыл­дың 1 қыркүйек күнінен бас­тап 2021 жылдың 10 желтоқ­санына дейінгі аралықта қабылданады.

Байқау қорытындысы Тәуел­сіздіктің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында жарияланады.

СЫЙЛЫҚҚА ҰСЫНУ ТӘРТІБІ

Байқауға қаламгерлердің қазақ тіліндегі шығармалары қабылданады.

Авторлық жұмыстарға қойылатын талаптар:

– байқауға авторлардың бұрын еш жерде жариялан­баған шығармасы ғана қабылданады;

А-4 форматында, 14 көле­міндегі Times New Rоman шрифтімен терілуі керек. Мәтіннің көлеміне қойы­латын шектеу:

Ұсынылатын материалдар көлемі 7 беттен аспауы керек.

Байқауға қатысушының өзі туралы мәліметтері –  аты, тегі, әкесінің аты, туған жылы, тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефондары, e-mail көрсетілуі керек.

Байқауға қатысуға өтінім бере отырып, автор:

өзінің авторлығын рас­тайды;

Ұйымдастырушыларға шы­ғар­­маларды бұқаралық ақ­парат құралдарында жария­лауға рұқсатын береді;

Қабылданған шығармалар «Байқауға» айдарымен газет бетінде жарияланады және қайта­рылмайды.

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ

Материалдарды бағалау және жеңімпаздарды анық­тауды серіктестік өкілдерінен жасақтаған қазылар алқасы жүзеге асырады;

Байқауға ұсынылған жұ­мыстарды бағалау кезінде шығарманың өзектілігі мен автордың ойлау дербестігі, ұстанымы, баяндау реттілігі мен мағыналылығы, идея ерек­шелігі, әдеби-көркем құн­­­дылығы, эстетикалық әсер тереңдігі басшылыққа алынады.

Қазылар алқасының ше­шімі қайта қаралмайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<