Бүгін Изральден Қазақстанның 118 азаматы эвакуацияланады

268

0

 Фото: Ted Eytan

Алматы-Тель-Авив рейсі әуеге Астана уақыты бойынша таңғы сағат 8:00 -де көтерілді, деп хабарлайды Turkystan.kz.

Арнайы ұшақтағы экипаж мүшелерінің басты мақсаты Қазақстанның 118 азаматын елге аман-есен жеткізу.

Бұған дейін Қазақстанның Израильдегі елшілігінде консулдық есепке елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда 77 азамат тіркелгені, Израильдің жоғары оқу орындарында Қазақстанның 5 студенті білім алып, 30-ға жуық қазақстандықтың жергілікті түрлі медициналық мекемелерде тағлымдамадан өтіп жатқаны жарияланған болатын.

«Тель-Авивтегі дипломаттарымыз Израильдегі Қазақстан азаматтарымен тұрақты байланыста және олармен жедел іс-қимыл жасау мақсатында арнайы мессенджерде чат ашты. Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігінің болжамынша, Израильде консульдық есепке тұрмаған 400 жүзден астам Қазақстан азаматы болуы мүмкін», – деген еді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<