Дональд Трамптың зейнетақысы қанша?

775

0

АҚШ-тың бұрынғы басшысы Дональд Трамп өкілеттігі аяқталғаннан кейін қаңтарда президент зейнетақысы ретінде 65 мың доллардан аса қаражат алды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

Business Insider мәліметтері бойынша, Трамп бұрынғы президент ретінде жыл сайын 221 мың доллардан аса зейнетақы алады, бұл салықтардан төленеді. Алайда ол президент кезінде мемлекет басшысы ретінде жалақыдан бас тартқан немесе кейде оны салық төлеушілердің ақшасын иемденбейтінін айтып, қайырымдылыққа беріп отырған.

Экс-президент зейнетақы ретінде алатын қаражатты қандай мақсатта пайдаланылатыны әлі белгісіз.

Бұдан бөлек, NBC телеарнасының мәліметінше, Нью-Йорктегі АҚШ Бас прокуратурасы Дональд Трамптың Trump Organization компаниясына қатысты қылмыстық тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Еске салайық, Трамп 2020 жылғы 3 қарашадағы президенттік сайлауда демократ Джо Байденнен жеңілді. Ол жеңілісін соңына дейін мойындамай келді және қаңтарда Байденнің инаугурациясына қатысудан бас тартты. Бұл 150 жылда алғаш рет болған оқиға. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<