Егінжайдағы еселі еңбек

462

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қармақшы ауданы Дауылкөл ауылдық округіне қарасты «Тұрмағамбет» ЖШС-ның күріш алқабына барды.

Серіктестік директоры Нұржан Пірмантаевтың айтуынша, күріш 1900, бидай 100, мақсары 200, жүгері 10, ескі жоңышқа 1000, жаңа жоңышқа 600 және бақша дақылдары 20 гектар жерге егілген.

Шаруашылықта 106 техника бар. Егіннен бөлек, «Тұрмағамбет» ЖШС макарон өнімдерін өндіру және сүт өңдеу бағытында жұмыс істейді. Бүгінде  ауылдың 240 тұрғынын жұмыспен қамтып отыр.

Жалпы Қармақшы ауданы бо­йынша егіс көлемі 25801 гектарды құрайды. Әртараптандыруға сәйкес күріш 13591, майлы дақылдар 1126, жаздық бидай 1407, арпа 220, жүгері 80, күнбағыс 10, мал азықтық дақылдар 7785, картоп, көкөніс, бақша дақылдары 1574 гектар жерге орналастырылды.

Сонымен қатар қуаңшылықтан зардап шеккен Арал өңірінің шаруаларына аудан жастары қайырымдылық көмек ұйым­дастыруда. Атап айтқанда, ІІІ Интернационал ауылдық округін­дегі «Достық Жер» шаруашылығы 200 және «Тұрмағамбет» ЖШС 300 пресс шөп жіберді.

Аймақ басшысы су тапшы­лығына байланысты оны үнемдеп, кестеге сәйкес пайдалануды тапсырды. Сондай-ақ, егінді уақытылы орып, ысырапшылдыққа жол бермеу қажет екенін атап өтті. Науқан кезінде санитарлық талаптар қатаң сақталуы қажеттігін ескертті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<