Адастырмас алты қағида

1839

0

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында еліміздің дамуы үшін қажетті 11 бағытқа ерекше тоқталғаны мәлім. Халқымыздың алдағы даму жолындағы ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру өте маңызды. Сондықтан ХХІ ғасырда ел тұрғындары терең білімді болуы қажет. Әсіресе ақпараттық технологиялар жоғары дамыған қазіргі қоғамға ұлт сапасын арттыру өзекті болып саналады.

Білімді, бай болу, күшті болу секілді құндылықтарды қалыптастыру және бұл көз­қарастарды дамыту үшін ал­ты қағида ұсынылады. Бі­рін­ші қағида бойынша ХХІ ғасырдың ұрпағы терең бі­лімді болуы қажет. Шынын­да да, білімді адам өзін «білім­дімін» деп санай алмайды. Та­рихымызға қарасақ, хал­қы­мыздың көптеген ұлы даналары жоғары білімді болмаса да, рухы бай болған. Демек, қазіргі таңда адамның білімімен қатар, рухани дүние­танымы да дұрыс болуы керек. Білімді адам жоғары оқу орнын бітірген немесе бір­неше дипломы бар азаматтар емес. Жоғары білім алу барысында шала немесе теріс оқу деп түсінетін қоғамға жат құбылыстар пайда болып, еп­тілік тек мансапқұмарлыққа әке­луі мүмкін қаупі бар. Бі­лімді адам отбасы, жеке басын ойлап қана қоймайды, ол қоғам дамуы үшін қызмет ат­қарады.

Екінші қағида бойынша жас буынды ерінбей ең­бек ету­ге бейімдеу қажет. Ғы­лы­­ми түсіндірмелерде ең­бек же­ке адамның және қоғам­ның қажеттіліктерін қанағат­тан­дыруға бағытталған мақсат­ты, саналы қызмет ретінде дә­­йектеледі. Еңбек ету бары­сында адам ең алдымен таби­ғатты игереді, өзгертеді және қажеттіліктеріне сай бейім­дейді. Ал экономикалық категория ретінде еңбек өндіріс факторларының бірі болып табылады. Білім және тәр­бие беру процесінде еңбек­тің маңыздылығына ерекше мән берілуі керек. Отанға қыз­­мет ету, басқа ұлт өкіл­де­рімен достық пен ынты­мақ­тастықта өмір сүру, тыным­сыз әрі қажырлы еңбек, адам­­гершілікке шақыратын шы­­ғар­маларды оқыту жас ұр­пақ­ты рухани байыта түседі. Осы арқылы біз жастарды ерін­бей еңбек ету табыстың басты құпиясы екенін түсіндіре аламыз.

Үшінші қағидада айқын­дал­ғандай, кез келген істі кә­сіби дағды арқылы жүзеге асы­ру қажет. Қазіргі шарттар­да кәсібиліктің, адамның кә­сіби өзін-өзі анықтауының шы­найы еркіндігі идеяларын жүзеге асыруға ықпал ететін объективті және субъективті факторлардың рөлі артып ке­леді. Кәсіби дағды – күрделі әрекеттерді түрлі шарттарда жүйелі, тиімді және сенімді орындаудың көрсеткіші. Пси­хология ғылымында бұл ұғым маманның қоғамда қа­лыптасқан стандарттар мен та­лаптарға сай келетін құн­дылық құрылымдарын игеру деңгейі ретінде сипаттала­ды. Сондықтан кәсіби дағды­ны жеке тұлға, еңбек су­бъек­тісі және ұжымның ажы­рамас кө­рінісі ретінде қарас­тырға­ны­мыз жөн. Жастар бойын­дағы жеке тұлға, қызмет және шығармашылықтың кәсі­би дағ­дысына ерекше мән беруі­міз қажет.

Төртінші қағидаға сәйкес темірдей тәртіп және жоғары жауапкершілік баршамыздың бойымызда болуы керек. Расында да, табысқа жету үшін білім, дағды және қаржымен қатар, темірдей тәртіптің бол­ғаны да маңызды. Өзін-өзі тәр­тіпке тәрбиелеу кез келген бастамадағы табыстың мін­детті құрамдас бөлігі. Сон­дықтан келешекті армандау барысында баршамыздың жеке стратегиялық жоспарымыз жүзеге асады. Жаңа бастамаларды ілгерілету үшін жоғары жауапкершіліктің болғаны да маңызды. Біз жоғары жауап­кершілікті тәуелділік ретінде емес, шешімдерді қабылдау, ел тұрақтылығын сақтау сын­ды қоғамдық маңызды құбы­лыстарға тікелей немесе жанама ықпал ету деп түсінгеніміз дұрыс.

Әділдік пен әділеттілік қа­сиеті – бесінші қағиданың бас­ты түсінігі. Әділеттілік – қауіп­сіздік пен еркіндік се­кілді қоғамның негізгі құнды­лықтарының бірі. Сонымен қатар, ол қоғамның даму көр­­сет­кіштеріндегі құнды­лық­тарда маңызды рөл атқа­ра­ды. Бұл қоғамның нақты әлеу­меттік-саяси құрылымын қа­лып­тастыратын ресми және бейресми нормаларды әзір­леумен байланысты. Сон­дықтан Антика дәуірінде әді­лет­тілікті түсіндірген мына екі көзқарас қазіргі таңда да өзекті: қоғамды тең ұстау – қоғамның барлық мүшелерінің алдын ала белгіленген шарттарға, ең алдымен заң алдындағы теңдігі; қоғамда бөліп тарату – белгілі бір қоғам алдындағы үлестіруге қатысушылардың ең­бегіне, рөліне және шамасына сәйкес түрлі игіліктерді бөлу.

Алтыншы қағидаға сәйкес баршамызға адалдық, ұқыпты­лық, тиянақтылық қажет. Не­гізінен адалдық адамның бас­ты қасиеттерінің бірі болуы тиіс. Әділдік, табандылық, қабылданған міндеттемелерге жоғары жауапкершілік секіл­ді адамгершілік қасиетті қам­титын адалдық ұғымы іс-әре­кеттің дұрыстығына се­нім­ділік, қоғам алдындағы қызметі дұрыс екенін танытатын шынайылықты қамтиды. Ұқыптылық болса, кез келген ресурстарды үнемді жұмсауға әкелетін және бағытталатын әрекеттер жүйесі болып табылады. Осы ұқыптылық арқылы біз өміріміздің сапасын жақ­сар­та аламыз. Кез келген әре­кет­терде тиянақтылықты бас­ты ұстаным ретінде қабылдау экономикалық қатынастардағы қажеттіліктерге жедел жауап табуға мүмкіндік береді.

Ұлттың жаңа болмысы ар­қылы елімізде «Жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам» жүйесінің қалыптасуына толықтай негіз бар. Ол үшін әрбір азамат мә­­селенің маңызын тү­сі­­ніп, қоғам болып бірле­се жұ­мыс атқарғанда ғана оң нәти­жеге жете алатынды­ғы­мыз­ды ұғынуы қажет.

Ботагөз ПАРИДИНОВА,

 философия магистрі, Қызылорда «Болашақ»

 университетінің аға оқытушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<