Әлем көшбасшылары Тұңғыш Президент туралы

556

0

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

«Нұрсұлтан Әбішұлы – саясатта көптен, Кеңес дәуірінен келе жатқан тұлға. Мені қатты таңғалдыратыны – оның заман тынысын тап басып тани­тыны. Бұл қасиет – бүгінгі әлемді дөп басып сезіне алатын қасиет оған қайдан дарыған?.. Ол адал да әділ. Бір мәселелерді талқылағанда, әрдайым қатардағы адамдарға бұл қалай тиеді деп ойлап тұрады».

Реджеп Тайып Эрдоған, Түрік Республикасының Президенті:

«Қазақстан Президенті Нұр­сұлтан Назарбаев – өз заманының аса көрнекті тұлғасы және түркі жұр­тының ақсақалы. Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бастамаларына әрқашанда ашықпыз әрі зор құрметпен қабылдаймыз. Қазақстан Президентінің түркі әлеміндегі беделі биік, Нұрсұлтан Назарбаевтың барша түркі халық­тарының басын біріктіріп, бауырлас түрік елімен қарым-қатынасты нығайтуға сіңірген ерен еңбегін атап өтпеуге болмайды». 

Си Цзиньпин, Қытай Халық Республикасының Төрағасы:

«Президент Нұрсұлтан Назар­баевтың арқасында біздің елдеріміздің арасында әріптестіктің мықты іргетасы қаланған. Президент Назарбаев елдеріміздің достығын нығайту үшін қаншама жыл аянбай еңбек етті. Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынасты дамытуға зор үлес қосқан Нұрсұлтан Назарбаевты Қытай елі жақсы біледі және аса құрметтейді».   

Ильхам Әлиев, Әзербайжан Республикасының Президенті:

«Аймақтағы бейбітшілікке б­а­ғыт­талған Қазақстан басшылы­ғының жүйелі дана саясаты көбі­не қауіпсіздікті нығайтуды көздейді. Қазақстан тұғыры биік, тегеуріні мықты мемлекетке айналды. Сондықтан да аймақтық мәселелерді шешуде Қазақстанның ролі мен маңызы арта түсуде, ал біз бұл мемлекеттің жетістігіне әрқашан да қуаныштымыз. Мен Қазақстанның жаңа елордасын көріп, қарқынды құрылыспен салынып жатқан жаңа қаланың көркіне тәнті болдым».

Барак Обама, АҚШ Президенті (2009-2017ж):

«Президент ­Назар­баев ядролық қаруларды тарат­пау мәселелерінде әлемдегі үлгілі көшбасшылардың бірі болып табылады. Қазақстан ядролық қарудан бас тартып, қауіпсіздік пен экономикалық өркендеуге қол жеткізуде үлгі бола алады. Бұл қадам Қазақстанды өңірдегі тұрақты елдердің біріне айналдыруға мүмкіндік берді».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<