Франция коронавирустың төртінші толқынына дайындалуда

451

0

Индонезия билігі 5 шілдеден бастап, елге келушілердің барлығын 8 күн карантинге оқшаулайды. Бұл туралы ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми Джакарта карантинді күшейтуде. Индонезия билігі 5 шілдеден бастап, елге келушілердің барлығын 8 күн карантинге оқшаулайды. Тіпті вакцинация паспорты бар тұлғалар да талап бойынша өзін-өзі оқшаулауға тиіс . Вакцинация паспортын лауазымы шетелдік министрлерден төмен емес адамдарға ғана ұсына алады.

Сонымен қатар, Франция билігі елде коронавирус инфекцияның төртінші толқыны жақындағанын мәлімдеді. Денсаулық сақтау министрі Оливье Веран Еуропаға COVID-19 дельта-нұсқасының келуі және елдегі жаңа инфекция жұқтыру жағдайларына байланысты ауру көрсеткіші соңғы бес күн бойы азаймай отырғанын хабарлады. Денсаулық сақтау министрі елдегі вакцинация қарқынын шұғыл арттыру қажет екенін атап өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<