Қаңғыған арыстан қайдан жүр?!

889

0

Шымкент қаласының полицейлері бір тәулік ішінде еркіндікте жүрген арыстанды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арыстанды іздеуге Шымкент қаласы ПД Жергігілікті полиция қызметі басқармасы және Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы аумақтарды аралап, оның жүруі мүмкін барлық жерлерді тексерді, тұрғындардан сұрастырды. Сондай-ақ жергілікті тұрғындар да полицияға жан-жақты көмек көрсетті.

21 қаңтарда бірлескен іс-әрекеттердің нәтижесінде Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасының қызметкерлері арыстанның жүрген жерін анықтап, Хайуанаттар бағының қызметкерлеріне тапсырды.

Естеріңізге салсақ, 2021 жылдың 19 қаңтарында “Instagram” әлеуметтік желісіндегі парақшалардың бірінде азаматтардың қонақ үйде арыстан көргені туралы бейнежазба жарияланған болатын. 20 қаңтарда Шымкент қаласының ПД Әл-Фараби ауданының ПБ қызметкерлері аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабымен (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда.

© egemen.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<