Гүлшара Әбдіқалықова: Шыны зауытының құрылысы 70 пайызға аяқталды

382

1

Қызылордадағы шыны зауытының айналасында 8 зауыт, ілеспе зауыт салу жоспарланып, бүгінде үшеуінің жобасы, бизнес жоспарлары нақтыланды. Бұл туралы облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова бүгінгі «Qazaqstan» ұлттық арнасының «Apta.kz» бағдарламасындағы Жайна Сламбекпен өткен сұхбатта мәлімдеді.

-Құрылысы 70 пайызға аяқталды. Екі ғана мәселе қалып тұр. Балқыту ваннасы мен күйдіру пеші. Оған қазір мамандармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Біздің тарапымыздан айналасындағы инфраструктурасы жасақталып беріледі. Вагондар келетін жол бар, соның барлығын жөндеп бітіруге дайынбыз.
Қалған 30 пайыз жұмысы мамандар келсе, ол да біртіндеп аяқталады деп отырмыз.

Қараңыз, мынадай статистика бар екен. Біздің елімізге жылына бағасы бір миллион доллар тұратын шыны сырттан келеді екен. Егер де өз зауытымызды өндіріске енгізетін болсақ, сол бір миллион доллар өзімізде қалады, одан басқа, егер сыртқа сатсақ, тағы да кіріс кіргелі тұр. Сондықтан, қазір осы мәселені көтеріп отырмыз. Сондай-ақ, шыны зауытының айналасында 8 зауыт, ілеспе зауыт саламыз деп жоспарладық. 3 зауыттың жобасы, бизнес жоспарлары нақтыланды. Кәсіпкерлер қызығушылық білдіріп, қазір құжаттары әзірленіп болып қалды. Мысалы, шыныдан жасалатын ыдыстар. Екінші зауыт – айна жасау зауыты. Үшінші зауыт – шыны талшығы. Бұл құрылыста өте көп пайдаланылады. Бұл үш зауыттың өзі мысалы, 15-16 млрд инвестиция тартады екен. Содан кейін Шалқия кен байыту жері бар. Ол жерде де қорғасын, мырыш өңдейтін өндіріс салынады. Бұл мәселеге қатысты қазір Самұрық-Қазынамен бірге жұмыс істеп жатырмыз. 8 млрд-қа жуық инвестиция тартылып, жұмыс басталмақ. Одан басқа, Арал өңірінде кальцийлендірілген сода зауытының барлық құжаттары дайындалды. Экология министрлігінің сауалы бойынша қалдықты сақтайтын қойма мәселесін, оның жобасын толығымен шештік. Қазіргі таңда кәсіпкерлер оны да бастауға әзір, – деді облыс әкімі.

Пікірлер:
  • АЛГА,КЫЗЫЛОРДА!КYТТЫ БОЛСЫН!
    КАЗАХСТАН ЖЕРiНДЕ ОНДiРiСТЕР КОБЕЙЕ БЕРСiН! КАЗАХСТАН ЭКОНРМИКАСЫ АЛГА БАСА БЕРСiН! ХАЛЫКТЫН ХАЛ=АУКАТЫ ЖОГАРЫЛАЙ БЕРСiН!
    АСА КYРМЕТПЕН:ЕРБОЛ ТУЛЕУШОВ.
    АТЫРАУ.26.10.2020-ы жыл.

Пікір жазыңыз