Тәуелсіздіктің тұғырлы болуы тәрбиеден

743

0

«Мен сингапурлықтардың жаңа ұрпағы тәрбиеленіп жатқан атмосфераны мақтан тұтамын… Біз осының барлығына үздік түйсіктерімізді басшылыққа ала отырып, өзіміздің мәдениетімізге сүйену арқылы және ықтимал қателерге жол бермеу үшін өз жолымызды үнемі түзету арқылы қол жеткіздік» дейді Ли Куан Ю.

Иә, әр кезеңнің өз қоғамы­ның осын­дай кемеңгер, да­нышпан ұрпақтары болды. Осындай ұлдар Қазақ қоға­мын­да да өз заманында болған. Олар әр кезеңнің қиын-қыс­тау шағында үздік түйсіктерін бас­шылыққа ала отырып, ұлттық дәстүрлі мәдениетімізге сүйе­ніп, қоғамымыздың рухани әле­уе­тін арттыру және болуы мүмкін қате­ліктерге жол бермеу үшін үнемі жаңа реформалар арқылы алға ұмтылған.


Ұлы Абайдың қара сөз­де­рінің түпкі төркіні – Отан­сүйгіштік. Абай атамыздың ай­туынша, Отан­сүйгіштік – Отанға қыз­мет еткен адам, ал Отан дегеніміз – ең әуелі халық.
Әсіресе, қоғамымыздың бір­ден-бір қозғаушы күші ретінде танылған жастардың бойында патриоттық құн­­дылықтарды қа­лыптастыру қа­зіргі таң­да аса өзекті мәселеге айналып отыр.
Қазақстандық патриотизм идея­сы­ның қамтылу керектігі даусыз іс. Ол – білім берудегі мемлекеттік басты мәселе. Көп­ұлтты мемлекетімізде ха­лық­тар арасындағы өзара түсі­ніс­тік пен ынтымақтастықты ны­ғайтуда мек­тептегі ұлтжан­дылық тәрбиенің қыз­меті аса маңызды. Оның өзі ұлт мек­тебінің басты белгісі де. Мек­тептегі білім беру «ұлт» пен «ұлыс» өкілдерінің этностық мә­дениетін қамтып, оларды ортақ Отанының болашағын дамытуға үлес қосатын азамат етіп тәрбиелеу – қазақстандық ұлтжандылықтың бас­ты мазмұ­нын құрайды. Итальян даныш­панының «Біз Итальяны жа­са­дық, енді италияндықтарды жа­­сауымыз ке­рек» деген сөзі қа­зақстандықтарды да ой­лан­ды­руы қажет сияқты. Ендігі басты мәселе – жаны мен тәні қазақ деп тұратын қазақстан­дық­тарды тәрбие­леу.
Сонымен қатар елін сүйетін, елім-жерім дейтін азаматтарға жерлесіміз Әлия Өмірзаққызы Ибрагимованың аудармасымен жазылған Григорий Петровтың «Финляндия – ақ лала гүл­дер мекені» атты шығармасын оқып шығуды ұсынамын. Пат­риоттықтың үлкен таптырмас ту­ындысы, ұлтты сүю­дің нағыз үлгісін осы еңбектен көре ала­мыз.
Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы жастарымыздың отан­сүй­гіштігі мен ұлт­жандылы­ғын­­да. Қазіргі кезде рес­пуб­­ли­камыздың егемендігі мен бей­­­бітшілігін сақтауда қазақ­стан­­дық пат­риотизм арқылы жас­тар­дың бойын­да патриоттық құнды­лықтарды қалып­тасты­ру­ға үлкен мән беріліп отыр.


«Қазақстандықтардың әл-ауқаты­ның өсуі: табыс пен тұр­мыс сапасын арттыру» атты Жол­даудағы басымдық­тар өз уақытында жасалған қадам деп білемін. Елбасымыздың ұс­танған маңызды бағыт­тары­ның бірі – білімді дамыту, заманауи біліммен қаруланған білімді жастар қоғамын құру. Өйткені заман талабы солай, әр­бір минут сайын өмір мен ғылымда жаңалықтар болып, кешегі жаңашыл болған дүниең бүгін ескіріп қалып жатыр. Сон­дықтан білім берудің бар­лық саласында да ескі жүйені үз­діксіз жаңғыртып отыру қажет деп түсі­немін. Мысалы, мектептегі он бір жылғы, жоғары оқу орнындағы төрт жылғы алған білімі ол бітіріп шығамын дегенше өзгеріп, заман талабы жаңа­шылданып кетуі ғажап емес. Осы ретте Қорқыт ата атындағы Қызылорда уни­вер­ситеті әр жылдарда білім беру саласындағы реформа­лар­дың талабын ескере отырып, ма­ман­дықтар дайын­дайтын ка­фед­ралардың стратегиялық жос­парларын жаңғыртып, заман та­ла­бына сай білімді жастарды тәр­биелейді.
Біз кадрларымызды қазір­гі күннің экономикасына емес, болашақта құра­тын экономи­камызға бейімдеп, дайын­дауға тиіспіз. Бізге керегі – қажет уақытында, қажетті орында, қа­жетті дағ­дыны меңгерген адам­дардың табы­ла білуі деген қағиданы ұстана білуі­міз қажет.


Біз бүгінге дейін, әлі де, са­падан гөрі санға қарап жарысып келе жатырмыз. Алмастыратын уақыт келді. Сөзден гөрі іске көшкеннің дұрыс екеніне кө­зіміз жетті.


Соған қарамастан, бүгіндері әлі де болса сөздің адамдары көп пе деп те ойлаймын. Уәде бере салу, біреудің міндетін мойнына алып орындамау, жақ­сыны көре тұра өтірік сынау, жалпақтау се­кілді әдеттерден арыла алмай отырмыз.


Біздің мемлекетіміз енді өр­ге басып келеді. Ал оның қа­сында ал­пауыт мем­лекет­тер бар, олар өз ірілігін жасай­ды, өктемдігін жүр­гізгісі келеді, әсі­ресе саясатты құй­тырқы­лыққа салады.
Ұлтжанды азаматтарды қа­лып­тас­тыру үшін елімізге елеу­лі еңбек еткен тұлғаларды жас­тарға көбірек үлгі ету қажет деп білемін.


Ал «Жастар ресурстық орта­лығы­ның» жұмысын жандан­дыру, тереңдету пайдалы бол­­­мақ. Кешегі карантиндік ке­­­зең­­дегі жастардың жанкеш­ті­ ең­бектері көпшілігіне үл­кен өне­ге бол­ды. Оларды көп­теп на­сихаттаған абзал.

Оразхан АЙДАРОВ,
Қорқыт ата атындағы
Қызылорда университетінің
аға оқытушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<