Тіршіліктің алтын арқауы

1090

1

Ресми атауы Халықаралық әйелдер күні болғанымен, бұл мерекені алдымен ананы құрметтеу, қарындасты қа­дірлеу, аруларды аялау рәуі­шінде атап өтіп келеміз. Осы күні адамзаттың нәзік жаратылысы арқасүйер аза­маттардың шын жүректен шыққан лебізіне, сый-құр­метіне бөленеді.

Біз әрісі «Батырлар жыры», берісі қазақ әдебиеті клас­сиктерінің шығармалары ар­қы­лы ардақты ана, ақылды әйел, асыл жар бейнесіне қанығып өстік. Ерін «пірім» деп сыйлаған үлкендер ұла­ғатын көрдік. Сондықтан бұл – ең біріншіден, Ана­лар мерекесі. Осы күні біз­ді тоғыз ай құрсағында кө­терген, өмір бақи жүрегіне сақтаған жандардың алдында өтелмейтін парызымыздың бір мысқалын болса да орындауға тырысамыз. Әсілі анаға ризашылықты жыл он екі ай айтса да, артық емес. 

Бұл – қамқоршы қарын­дас­тың мерекесі. «Тар қолтықтан оқ тисе, шығады сүйеп қарын­дас» деп ағалары арқа сүйеген жандардың жөні бөлек. Ата-ана мен бауырларының тілеуқорына айналған қыз баласы жат жұрттық болса да, осы мерекеде жақынынан жылы сөз күтеді.

Бұл – әр үйдің шырайын кіргізген, шамшырағын жаққан қыздардың мерекесі. Дүниеге қыз келгенде босағаны құт пен береке қоса аттайды дейді. Қыз қуанса, адамның берекесі артады, ырысы көбейеді, несібесі молаяды екен.

Бұл – асыл жардың мере­кесі. Азаматының жанына жылу беретін, қиналса, қа­сынан табылатын, жабықса, демеу бо­латын жандар қандай құр­метке де лайық.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<