Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды

579

0

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қауылысымен Әмрин Азамат Кемеңгерұлы Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды. 

Азамат Әмрин 1973 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ақмола ауыл шаруашылығы институтын және М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы бойынша экономист-менеджер, құқықтану бакалавры.  Еңбек жолын 1989 жылы Корнеев кеңшарында жұмысшы болып бастады.  1997 жылдан 2008 жыл аралығында Солтүстік Қазақстан облысының Салық комитетінде түрлі лауазымдар атқарды.  2008-2011 жж. — СҚО Шал ақын ауданының әкімі.  

2011-2012 жж. —  «Амрин К.К.» шаруа қожалығының менеджері.  2013-2015 жж. — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті директорының орынбасары. 

2015 жылғы қаңтардан бастап қазірге дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры болып еңбек етті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<