Желіде «Дикий Арманның» ұсталған видеосы тарап жатыр

1383

1

Аstana_typical парақшасында қылмыс әлемінің серкелері ұсталған видео жарияланды.

Бейнеде мейрамханада отырған бір топ жігітті арнайы қызмет формасындағы адамдар ұстап, сыртқа шығарғаны көрсетілген.

Кейбір мәліметтер бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Нұр-Сұлтан қаласының полициясы «Дикий Арман», «Семский», «Алиби» басты қылмыс әлеміндегі беделділер, сондай-ақ олардың айналасындағы адамдар тобын ұстады. Белгілі болғандай, «Дикий Арман» атанған Арман Жұмагелдиев елордаға қонаққа келген. Алиба тарапы оларды қарсы алған. Қымбат мейрамханадағы олардың кездесуінің шырқын арнайы жасақ келіп бұзған. Олардың барлығы алдын алу шаралары үшін полиция бөліміне жеткізілді, – деп жазады пост авторы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<