Израильден эвакуацияланған қазақстандықтар мінген рейс Алматыға қонды

282

0

Фото: Александр Павский/Kazinform

Израильдегі соғыс жағдайының өршуіне байланысты сонда жүрген 124 қазақстандық арнайы репатриациялық рейспен елге жеткізілді, деп хабарлайды Kazinform.

Алматының халықаралық әуежайына Қазақстан азаматтары мінген «Air Astana» әуе компаниясының ұшағы келіп қонды.

Әуе кемесінің бортында 166 жолаушы болды. Оның 124 – і ҚР азаматы, қалғаны — шетелдіктер.

Сондай-ақ, елге оралғандардың 14-і «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтіп жатқан стипендиат. Отандастарымызды туған-туыстары, жақындары, достары және БАҚ өкілдері қарсы алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<