Мақпал Исабекова тұрмысқа шықты

1335

0

Отандық танымал әнші Мақпал Исабекова тұрмысқа шықты. Бұл туралы өнер иесі өзінің Instagram парақшасында хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шоу-бизнес жұлдызы бұл қуанышты жаңалығымен бірден өз жанкүйерлерімен бөліскен. Қос ғашық діни жолмен мешітте некелерін қидырып, желіде бақытты сәтінен фото жариялаған.

«Бүгін, Алла қалауымен қасиетті Рамазан айында біз ерлі-зайыпты атандық. Достар ізгі тілектеріңіз бен құттықтауларыңыз үшін алғыс айтамыз», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары Мақпал Исабекованың таңдауы кімге түскенін біле алмай әлі де әлек болуда. Алайда, өнер иесі жолдасы туралы мәліметтермен бөліспейтінін айтқан болатын.

Қалың көпшілік жас жұбайларды құттықтап, өз ақ тілектерін жаудырды.

«Құттықтаумыз. Бақыттарың баянды болсын Үлкен отбасы болыңдар», «Шексіз бақыт тілеймін», «Мақпал бұл күн де келіп жетті-ау. Бақытты бол», «Бір жастықта қартаюды нәсіп етсін», «Махаббаттарың шексіз болсын», – деп жазуда халық.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<