Мұхтар Ниязов жаңа қызметке тағайындалды

1724

1

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің келісімі негізінде Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен 2020 жылғы 10 шілдеден бастап Ниязов Мұхтар Мәуленұлы қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.


Мұхтар Мәуленұлы 1985 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
2007 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін тәмамдаған.


2018 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің педагогика ғылымдарының магистрі.
Айтыс ақтаңгері, екі мәрте «Алтын домбыра» иегері, Қызылорда қаласының құрметті азаматы.
2009 жылдан бастап «Ақ сөйле» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
2014-2016 жылдары А.Тоқмағанбетов мәдениет үйінің үйірме жетекшісі;
2016-2019 жылдары «Асыл арна» телеарнасында «Сүбелі сөз» бағдарламасының жүргізуші редакторы, Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығында жауапты қызметтерін абыроймен атқарып келді.

Пікірлер:

Пікір жазыңыз