NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру жобасы жүзеге асуда

599

0

Қоғамда NEET санатындағы және жұмыссыз жастардың  әлеуметтенуі бойынша жұмыстар жалғасын тауып келеді, деп жазады Egemen.kz.

«Qazaqstan jastary» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Adem» сауда орталығында жастарға әлеуметтік-психологиялық, еңбек шарты, медицина, құқықтық және педагогикалық офлайн-онлайн түрде кеңестер берілді. Қазіргі кезде 200-дей жас арнайы дайындалған орталықта тәжірибеден өтіп, кәсіби мамандар кеңесін алса, 500-ден астам жекелеген әңгімелер өткізілді.

Жоба аясында фронт-офисте кәсіби мамандар әрбір жас адамды толғандырған сұрақтарға жауап беріп, арнайы сауалнама жүргізіп, қандай да бір мәселенің шешімін табуға ықпал етті. Осы орайда NEET санатындағы жастардың саны 3000 адамды құрап отыр.  Бұл мәселеге кеңінен назар аудару мақсатында еріктілер мен ресурсты орталықтардың мамандары тартылды. Сонымен бірге орталықтың жұмысы туралы әлеуметтік желілерде ақпарат тарады.

Жоба аясында Алматыға келіп, кетіп жұмыс істейтін жастар үшін  арнайы байқау ұйымдастырылды. Үш кезеңнен тұратын байқаудың қорытындысы бойынша «Үздік шаштараз», «Үздік көлік механигі», «Үздік аспаз», «Үздік электрик», «Үздік дөңгелек жасаушы» сияқты кәсіби техникалық мамандықтардың жеңімпаздары анықталды.

Бұл байқаудың қазылар алқасына жұмыс берушілер, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері шақырылды.

Жоба аясында жеңімпаздар теориялық әрі  тәжірибе жағынан біліктілігін арттырып қана қоймай, ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Тағы бір қызықты сәт –  әрбір қатысушының портфолиосы жасалып, жастар үшін мұндай байқаудың қажет екенін көрсетті.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<